ЕрекшеЖаңалықтар

Әйгілі Джорджо Армани қайтыс болды

Танымал италияық модельер Джорджо Армани 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Repubblica-ға сілтеме жасап.

«Джорджо Армани өмірден өтті», – делінген басылымның X-тегі хабарламасында.

Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ.

Джорджо Армани – сән әлемінің тірі аңызы саналған. Италияық модельер 1970 жылы алғашқы студиясын құрған, ал бүгінде Armani компаниясының 37 елде 13 зауыты бар.

1975 жыл Арманидің даңқ пен табысқа бастар жолының бастауы болды. Сол кезде Джорджо Армани Серджо Галлеоттимен бірге Италияда Giorgio Armani s.p.a. компаниясын тіркеді. Бүгінде Armani – сән әлеміндегі жетекші брендтердің бірі. Компания эксклюзивті, коллекциялық әрі сәнді ерлер мен әйелдер киімін, аяқ киім топтамаларын, аксессуарларды, галантерея, сағат пен зергерлік бұйымдар шығарады. Giorgio Armani, Emporio Armani, Armani Exchange, Armani USA, Armani Jeans секілді әйгілі бағыттары Арманиді сәнді киім, галантерея, парфюмерия мен аяқ киімнің жетекші өндірушілерінің біріне айналдырды. Сонымен қатар, парфюмериялық компания L’Oreal-мен келісім негізінде Armani-дің әйгілі әтірлері мен иіссулары шығарылады.

Голливудтың көптеген жұлдыздары Armani киімін жоғары бағалайды. Джулия Робертс, Леонардо Ди Каприо, Джордж Клуни, Джоди Фостер, Роберт Де Ниро, Том Круз және басқа да көптеген актерлер 2006–2007 жылдардағы коллекциялық топтамаларды кию арқылы брендтің танымалдығын айқын көрсетті.

Back to top button