ЕрекшеЖаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамның есімі аталды

Америкалық технологиялық Oracle корпорациясының акциялары шамамен 40%-ға қымбаттап, оның негізін қалаушы Ларри Эллисонды әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Илон Масктан озды, деп хабарлайды Bloomberg.

Бағалы қағаздар құнының күрт өсуінің арқасында Эллисонның байлығы рекордтық 100 млрд долларға артып, 393 млрд долларға жетті. Ал Илон Масктің байлығы шамамен 385 млрд доллар деп бағаланып отыр. Алайда Forbes Масктың байлығы бұдан да көп болуы мүмкін дейді, өйткені оның SpaceX секілді кейбір компаниялары биржаға шықпаған. Басылым Масктің активтерін 463 млрд доллар деп есептейді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) Oracle акцияларының күрт қымбаттауын корпорацияның жасанды интеллектіні дамытудағы басты рөлімен түсіндірді. Бар-жоғы бір күннің ішінде компанияның капитализациясы 244 млрд долларға өсті. Капитализациясы жарты триллион доллардан асатын компания үшін акция құнының бір сессияда төрттен біріне артық қымбаттауы – сирек кездесетін жағдай.

«Oracle акцияларының күрт өсуі технологиялық компаниялар сегментінде кеңірек көтерілу толқынына серпін берді», – деп атап өтті қауымдастық.

Нью-Йоркте туған Ларри Эллисон бүгінде 81 жаста. Ол алғаш рет 1986 жылы Forbes рейтингінде 185 млн долларлық байлығымен аталған. Эллисонның иелігінде Гавайдағы көрікті арал және жеке әуе компаниясы бар.

Back to top button