ЕрекшеҚоғам

Адвокат Талғар әкіміне Шерзаттың атына көше беруді ұсынды

Адвокат Мейірман Шекеев Талғар әкіміне Менделеев немесе Руставели көшесінің бірін Шерзат көшесі деп атауды ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол Қаржаубай Нұрымовтың (Шерзат Полаттың әкесі) үйінде өткен астан видеоны бөлісті. Шерзат пен ағасы Нұрқанаттың рухына туған-туыстары Құран бағыштаған. Асқа сотта жәбірленушілердің құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеевті де шақырған. Сол аста адвокат Шерзаттың туған-туыстарына жаңалығын айтты.

“Шерзат ақын да, жазушы да емес, бірақ ол біздің қоғамды оятып кеткен бірден-бір тұлға. Сондықтан, мен Талғардың әкіміне Менделеев немесе Руставели көшесін Шерзат атымен атауды ұсындым. Сол көшенің аты Шерзат деп аталсын! Оны не мақсатта жасап отырмыз? Себебі бүкіл қоғамды оятқан – Шерзат. Шерзаттың атымен көше аталса, ол ұмытылмайды деп ойлаймын. Заң бойынша оған Талғардың тұрғындары оған дауыс беруі керек болады”, – деді адвокат.

ҮКІМ 

Айта кетейік, Шерзат Полатты былтыр бір топ жігіт жабылып, өлтіріп кеткен еді. Артынша, Шерзаттың ағасы Нұрқанат өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған. 

Биыл 5 маусымда жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі шегіне жетті. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептеліп, бостандыққа шықты.

Back to top button