Тоқаевтың келуін асыға күтіп отырмыз – Песков
Ресей Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары, Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президентінің Ресейге сапарына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ҚАРАШАДАҒЫ ШАРАҒА ҚАЗІРДЕН ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР
Песковтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барады.
«Қазір бәріміз Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына алғашқы мемлекеттік сапарына дайындалып жатырмыз. Бұл сапар қараша айында өтеді. Дайындық түрлі бағытта жалғасуда: біздегі дипломаттар, парламент, бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеп жатыр. Бұл – өте жауапты іс. Біз бұл сапарды асыға күтіп отырмыз. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол қойылатын құжаттар топтамасы әзірленуде. Сапар сәтті өтетініне сенімдіміз. Қонақ қабылдаушы тарап ретінде кездесудің ең жоғары деңгейде өтуі үшін барымызды саламыз», – деді Песков Алматыда өткен екінші қазақстандық-ресейлік медиафорумда сөйлеген сөзінде.