Без рубрики

«350 еркектің ортасында ұзатылған қыз»: Алматыдағы экс-мүфтидің тойы сұрақ туғызды

Алматыда бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бас мүфтиі қызметін атқарған, қазір ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлының қызының ұзату тойы өтті, деп жазады Tizgin.kz.

Тойға 350-ге жуық ер адам қатысқан. Қонақтар қатарында зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері мен қоғам белсенділері бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, той шариғат талаптарына сай өткізілген. Яғни, ер адамдар бөлек залда, әйелдер бөлек залда отырған.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары арасында той форматы қызу пікірталасқа айналған. Кейбір азаматтар қазақ қоғамында  қыз ұзату дәстүрлі түрде әйелдер мен ерлердің қатар отырып өтетініне назар аударып, мұндай рәсімнің ұлттық салт-дәстүрге сәйкес келмейтінін жазды.

 «Дінді дәріптеп жүргенмен, дәстүрді бұзып жүр», «Сонша еркектің арасында қыз ұзату – біздің салт-дәстүрге қарама-қайшы», «Қызды анасы, әпкелері, жеңгелері шығарып салуы тиіс еді, бұл — қазаққа жат» деген пікірлер қалдырған.

Back to top button