ЕрекшеЖаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда қандай заңдар шығады

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкіметте 2026 жылы Қазақстанда қандай заңдар шығатынын айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің айтуынша, жоспар жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша дайындалып, 31 қазанда заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған.

Жоба 12 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның үшеуі мемлекет басшысының мына тапсырмаларынан туындайды:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әзірленген түзетулер.

Жоғарыда көрсетілген заң жобаларынан басқа, жоспар бойынша Парламентке «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» (Энергетика министрлігі), «Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), «Жұмылдыру туралы» және оған ілеспе заң жобалары, жыл сайынғы «2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» (Қаржымині), сондай-ақ еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері (Еңбекмині), міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша (Еңбекмині) дербес заң жобаларын енгізу көзделген.

Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарланған.

Үкімет 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын мақұлдады.

Back to top button