ЕрекшеЖаңалықтар
100 млн адам көріп, Snoop Dogg бөліскен: қаздан қашқан қазақ баласының видеосы әлемге тарады

Ақтөбелік бүлдіршіннің қаздан қашып бара жатқан сәтін әкесі видеоға түсіріп алып, желіге салған. Сол видеоны әлемде 100 миллионнан астам адам қараған. Тіпті оны өз парақшасында әйгілі америкалық рэпер Snoop Dogg бөліскен, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Үш жасар баланың қаздан жылап қашқаны түсірілген видеоны америкалық рэпер Snoop Dogg парақшасына жариялаған. Әншінің осы постының астына Қазақстан азаматтары көп пікір қалдырып жатыр.
“Қазақстаннан кім бар?”
“Керемет”
“Біздің бала ғой”
“Снуп рақмет”, – дейді пікірлерде қазақстандықтар.
Әдеттегі “дәстүрге” сай қазақстандықтар мен қырғызстандықтар “бұл біздің бала” деп таласа кеткен. Instagram-да бұл видео 100 млн-нан аса қаралым жинаған.