ГеосаясатЕрекше

Саакашвили Зеленскийден өзін Украинаға азаматтық тұтқын ретінде қайтаруды сұрады

Михаил Саакашвили 2022 жылдың наурызында оны түрмеде улағанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ЗЕЛЕНСКИЙГЕ АШЫҚ ХАТ

Бірнеше қылмыстық іс бойынша жазасын өтеп жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Украина президенті Владимир Зеленскийге ашық хат жолдап, өзін азаматтық соғыс тұтқыны ретінде танып, Украинаға қайтаруды сұрады. Ашық хат оның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Саакашвили Зеленскийге өзінің Украина азаматы екенін еске салды. Ол хатында өзін түрме ауруханасынан қайтадан сол баяғы, 2022 жылғы наурызда – Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталғаннан кейін – өзін улады деп есептейтін қызметкерлері бар түрмеге ауыстырғанын жазды. Бұған ол Грузияның қазіргі ресейшіл билігін айыптайды.

«Осы жағдайды ескере отырып, менің қудалануым да, тағдырым да соғысқа тікелей байланысты екені айқын <…> Сондықтан мені Одесса облысының мемлекеттік әкімшілігінің, Ұлттық реформалар кеңесі атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, Грузиятық ресейшіл режимі заңсыз ұстап отырған Украина азаматын – осы соғыстың азаматтық тұтқындары тізіміне енгізуіңізді сұраймын. Украиндар өз азаматын ешқашан қиындыққа қалдырмайтынын білемін, сондықтан сізге үміт артамын», – деп жазды Михаил Саакашвили ашық хатында.

МӘН-ЖАЙЫ

12 қарашада үш жарым жыл бойы «Вивамед» клиникасында емделген Саакашвили стационарлық емге мұқтаж еместігіне байланысты Рустави түрмесіне қайта жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ол бұл хабарды сабырлық танытып қабылдаған.

Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдары Грузия президенті болды. 2013 жылы ол грузин азаматтығынан бас тартып, Украина азаматтығын қабылдады. 2021 жылдың 1 қазанында Грузияға жасырын кірген бойда ұсталды. Бұған дейін оның бірнеше қылмыстық іс бойынша үкімдері күшіне енген. Жаза мерзімінің жиынтығы – 12 жыл 6 ай.

Back to top button