Ұлттық төрағасының сөзінше, барлық кедергі нарық қатысушыларының ынтымақтастығы арқасында еңсерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.
ТӨРАҒАНЫҢ АЙТҚАНЫ
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай төлем QR-кодын іске қосылғанын хабарлады. Ол жобаның бүгін, 13 қарашада, бұрынғы қиындықтарға қарамастан іске қосылатынын атап өтті.
Көп айтылып жүрген QR жүйесі бойынша бізде біршама дайындық болды. Осы бағытта технологиялық және нарықтық сипаттағы бірқатар мәселе кездескенін де мойындау керек, – деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, ірі экожүйелердің өз төлем трафигімен бөлісуге құлықсыздығы өз алдына кедергі болыпты.
Әрине, нарықтағы үлес пен төлем ағынын ешкім бөліскісі келмейді. Бұл әсіресе ірі экожүйелер арасында сезіледі, – деді ол.
QR ЕНГІЗІЛУІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛГЕН БОЛАТЫН
Соған қарамастан, түбі оң нәтиже байқалды.
Нарықтың барлық өкілі саналатын ірі ойыншылар да, шағын қатысушылар да – конструктивті көзқарас танытты. Соның арқасында біз реттеушілік, техникалық және нарықтық мәселелерді шештік, – деп толықтырды Сүлейменов.
Бірыңғай QR-код технологиясын әзірлеу бірнеше жылға созылған. Оның енгізілуі техникалық күрделілікке байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған еді. Бұған дейін Тимур Сүлейменов жүйе 2024 жылдың соңына дейін толық жұмыс істейтінін айтқан.
Айта кетейік, бұл жобаның әзірленіп жатқаны туралы 2022 жылы сол кездегі Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова хабарлаған болатын.