ЕрекшеЭкономика

«Келісі 10 мың теңге»: Қазақстанда шоколад конфеттері күрт қымбаттап кетті

Қалалардың сауда сөрелерінде шоколад конфеттері күрт қымбаттап кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бағалардың шарықтап кеткенін мына суреттерден көруге болады.

Шоколадтардың кейбірінің келісі 5 мың теңгеден, кейбірінің келісі 10 мың теңгеден асады.

Tizgin.kz порталы осы жөнінде Қазақстанның сауда және интеграция министрлігіне ресми сауал жолдап, жауабын алды.

«Сауда сөрелеріндегі бағаның өзгеруіне өндірушілердің бастапқы бағаны көтеруі себеп болып отыр. Сауда желілерінің мәліметінше өндірушілер биылғы  жылдың ішінде бағаны 3 рет өсірген. Сауда желілері ULKER  шоколадтарына шамамен 32 % сауда үстемесімен сатады. Компания шоколадтың шығу құнын 12 ақпанда   +15 %. 15 шілдеде  +9 % арттырған. “Рахат Шоколад Казахстанский вес” – сауда желілеріне кіретін бағасы шамамен  7 702 теңге, бөлшек саудада  10 325 тг, сауда үстемесі  27 %», – дейді министрлік.

Биыл бұл шоколад түрінің де «Рахат Шоколад Казахстанский вес» зауытынан шығу құны 3 рет өзгерген.

  • 1 сәуірден бастап  +5 %;
  • 2 шілдеден бастап  +11 %;
  • 16 қазаннан бастап +10 %.
  • Жыл ішінде баға  +26% -ға өскен.

Министрлік шоколад – әлеуметтік маңызы бао азық-түлік тағамдары қатарына кірмейтінін ескертеді. «Сондықтан қандай сауда үстемесетін қосатынын бизнес нарыққа қарай белгілейді. Ал ӘМАТқа сауда үстемесі 15%дан аспауы керек» делінген ресми жауапта.

Back to top button