Жанар-жағармайдың кей түрін елден шығаруға жаңа тыйым салынды
Қазақстанда бензин мен өзге де жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бірнеше түрін ел аумағынан шығаруға жаңа шектеу қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
БҰЙРЫҚТА НЕ ДЕЛІНГЕН
Энергетика министрлігі бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 20 қарашадан бастап 2026 жылғы 20 мамырға дейін, яғни алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне автокөлікпен бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімін (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтары: 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) шығаруға тыйым салынды.
Кейбір жағдай аталған тыйым салуға кедергі бола алады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0 және 3403 91 000 0 болып белгіленген жағармайларды елден шығаруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, көлік өндіруші зауыт бекіткен стандартты отын багында тәулігіне бір реттен аспайтын мөлшерде отын алып шығуға болады.
АЛТЫ АЙҒА СОЗЫЛАТЫН ШЕКТЕУ
Бұдан бөлек, құжатта теміржол көлігі арқылы мұнай өнімдерін экспорттауға (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды – 2710 12) тыйым салынатыны көрсетілген. Алайда бұл шектеу бензинді сыртқа шығаруға (кодтар: 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0) қолданылмайды. Мұндай жеткізілімдер «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілетін жеткізу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен көрсетілетін гуманитарлық көмек шеңберінде мұнай өнімдерін шығару да осы тыйымға жатпайды.
«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде, яғни алты ай мерзімге, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерлерге келесі өнім түрлерін шығаруға тыйым салу енгізілсін: жеңіл дистилляттар (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтары: 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8); авиациялық керосин мен дизель отыны (кодтар: 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0); газойльдер (кодтар: 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0); толуол мен ксилол (кодтар: 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0); мұнай битумы (код: 2713 20 000 0), – делінген құжатта.