ЕрекшеЭкономика

Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты – статбюро

2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 429 368 теңгені құрады. Бұл туралы Информбюро Ұлттық статистика бюросына сілтемемен хабарлайды.

Медианды жалақы – табыс үлестірімінің «ортасын» көрсететін көрсеткіш 302 584 теңге болды. Ал биылғы жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге деңгейінде белгіленген.

Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер:

  • Жетісу облысы – +18,1%

  • Алматы қаласы – +15,9%

  • Астана қаласы – +13%

  • Павлодар облысы – +12,4%

  • Ақмола облысы – +11,7%

Салалар бойынша ең қарқынды өсім байқалған:

  • Ақпарат және байланыс саласы – +21,5%

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – +18,4%

  • Көлік және қойма шаруашылығы – +17,6%

Өнеркәсіпте өсім 11%, оның ішінде:

  • Сумен қамту және қалдықтарды өңдеу – +15,5%

  • Электр және газбен жабдықтау – +14,5%.

Ең төмен өсім келесі салаларда тіркелді:

  • Құрылыс – +2,5%

  • Денсаулық сақтау – +5%

  • Қонақүй және мейрамхана бизнесі – +6,2%.

Ең жоғары жалақы төленетін салалар:

  • Тау-кен өнеркәсібі – 922 274 теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

  • Қаржы және сақтандыру қызметі – 883 611 теңге;

  • Ақпараттық технологиялар және байланыс – 818 114 теңге;

  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер – 637 570 теңге.

Ең төмен жалақы тіркелген салалар:

  • Білім беру – 290 891 теңге;

  • Мәдениет, өнер және ойын-сауық – 305 088 теңге.

2025 жылдың үшінші тоқсанының соңында ел бойынша бос жұмыс орындарының саны 63 871-ге жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 1 572-ге артқан.

Вакансиялардың ең көп бөлігі келесі салаларға тиесілі:

  • Өнеркәсіп – 28,9%;

  • Мемлекеттік басқару және қорғаныс – 15,5%;

  • Сауда – 10,6%.

Өңірлер бойынша көшбасшылар:

  • Алматы – 15 471 бос орын;

  • Астана – 7 550;

  • Павлодар облысы – 6 800.

Мәліметтер 1-Т “Еңбек туралы есеп” атты мемлекеттік статистикалық есеп формасына негізделген. Таңдамалы топқа ірі, орта және шағын кәсіпорындар кіреді (микробизнес қоспағанда), деп нақтылады Ұлттық статистика бюросы.

Back to top button