Ерекше

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Back to top button