Ерекше

Мәслихат депутаттары іссапар шығындарын бюджет қаржысы есебінен өтеуді ұсынды

Қазақстанда облыстық мәслихат депутаттары өздерінің іссапар шығындарын өтеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді.

«Шығындарды өтеу нормасына толықтыру енгізу ұсынылады. Ең болмағанда ел аумағындағы іссапарлар үшін өтемақы қарастырылса дейміз», – деді Көбеева «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар қалалар Астана мен Алматы депутаттары үшін бұл мәселе аса өзекті емес, өйткені олардың қызмет аймағы бір қаламен шектеледі. Ал облыстық мәслихат депутаттары жиі ауылдық округтер мен аудан орталықтарына іссапармен баруға мәжбүр. Сондықтан іссапар шығындарын өтеу «олар үшін өмірлік маңызды» дейді депутат.

КМС ТӨРАҒАЛАРЫ ҚАНША АЛАДЫ
Сонымен қатар Алтынай Көбеева жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері (КМС) төрағаларының жалақысын көтеруді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде КМС төрағаларының орташа айлық еңбекақысы 78 мың теңге, яғни 2025 жылғы ең төменгі жалақы мөлшерінен (85 мың теңге) де аз. Бұған қоса, олардың демалыс ақшасы, аурухана парағына төлем және әлеуметтік кепілдіктері жоқ.

«КМС төрағаларының, кеңесшілер мен үйлестірушілердің қызметтерін жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып, оларға толыққанды әлеуметтік кепілдіктер пакетін енгізу қажет», — деді Көбеева.

ДЕПУТАТ ТАҒЫ НЕ ДЕДІ

Алтынай Көбеева жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныс айтты:

  • Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу, онда жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) органдарын міндетті түрде қаржыландыру нормаларын бекіту;
  • Үш депутатқа бір қызметкер есебіме мәслихат аппараттарының штатын кеңейту ; Мәслихаттарда баспасөз хатшысы лауазымын енгізу, бұл ашықтық пен қоғаммен байланысты арттырады;
  • Депутаттарға көбірек еркіндік беру, яғни артық бюрократиялық рәсімсіз жергілікті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік жасау;
  • Аудандық әкімдіктерге жер пайдалану мониторингін жүргізу құқығын беру, бұл уақытша нысандарды заңсыз орналастыру мәселесін жылдам шешуге көмектеседі.

Бұған дейін саясаттанушы Марат Шибұтов жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерін (КМС) таратуды және олардың функцияларын тұрғындар бірлестіктері саналатын КСК мен ОСИ-ларға (пәтер иелерінің кооперативтері мен бірлестіктеріне) беруді ұсынған болатын.

Back to top button