Ерекше

Алматыда шенеуніктен ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды

Алматыда әкімдік қызметкерінен 10 миллион көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналисті ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

НЕ ҮШІН БОПСАЛАДЫ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ақша бопсалау дерегі бойынша күдікті блогер-журналисті қолға түсірді. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды әлеуметтік желіде таратпау үшін әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге талап еткен», – делінген министрлік хабарламасында.

ТЕРГЕУ ЖАЛҒАСУДА

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайы мен кеңсесінде тінту жүргізілді. Нәтижесінде тергеуге тұрарлық электрондық тасымалдаушылар мен өзге де заттар тәркіленді», – деді ІІМ өкілдері.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Back to top button