Баласы сабақта телефон қолданса, ата-анасы айыппұл төлейді
Қазақстандық оқушылардың ата-аналары енді сабақ кезінде смартфон пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНГЕН
Оқу-ағарту бірінші вице-министр Майра Мелдебекованың айтуынша, оқу барысында оқушыларға ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Талаптың орындалуын ата-аналар да өз жауапкершілігіне алулары тиіс.
«Егер оқушының сабақта смартфон ұстап жүргені анықталса, алдымен ата-анасына ескерту жасалады. Екінші рет қайталанса, 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Заң күшіне енген, бірақ әзірге ешқандай бұзушылық тіркелмеді», — деді вице-министр Сенат кулуарында.
Анықталғандай, тәртіп бұзушылық фактілерін мектеп қызметкерлері тіркеп, тиісті уәкілетті органдарға жолдауы тиіс.