ЕрекшеЭкономика

Банк туралы заң Парламентте қарала бастады: не өзгереді

Мәжілісте банктер және банк қызметі туралы заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова құжатты депутаттардың алдында қорғап жатыр. Оның сөзінше, қолданыстағы нормаларға ревизия және оңтайландыру жүргізіліп, банктерде корпоративтік басқару, іс-қимылды қадағалау, төлемге қабілетсіз банктерді реттеу бойынша жаңа бөлімдер көзделген. Заң жобасы 9 бөлімнен, 23 тараудан және 135 баптан тұрады. Ілеспе заң жобасында 7 кодекске және 35 заңға түзету енгізіледі.

ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕР КӨЗДЕЛГЕН

Әбілқасымованың сөзінше, жаңа заңда банк қызметін реттеудің мынадай міндеттері көзделген:

  • Банк жүйесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздерді белгілеу;
  • Банк қызметіне қатысты реттеу, бақылау және қадағалау;
  • Депозиторлардың, өзге де кредиторлар мен клиенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • Банктік қызметтер нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • Қаржылық сауаттылық деңгейін және халық үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

Осы заң жобасы арқылы банк қызметін тепе-тең реттеуді енгізу көзделген. Агенттік базалық және әмбебап лицензияларды енгізу арқылы банк қызметін лицензиялауға қойылатын талаптарды жеңілдетеді. Бұл тәсілдің мақсаты – ірі банктердің ғана емес, сол сияқты нарыққа жаңа қатысушылардың дамуын қамтамасыз ететін орнықты әрі бәсекелес ортаны қалыптастыру.

«Базалық лицензия әмбебап лицензиядан рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеушілік талаптар деңгейі бойынша ерекшеленеді. Базалық банктік лицензиясы бар банктер үшін Заң жобасында активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне шектеулер белгіленеді. Бұл ретте нақты шекті мәндер заңға тәуелді актілерде айқындалады. Қазіргі кезеңде активтердің мөлшерін 500 млрд теңгеге дейін және капиталдың ең аз мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін шектеу жоспарлануда», – дейді Әбілқасымова.

Базалық лицензиясы бар банктерді қадағалау және оларға қойылатын пруденциялық талаптар жеңілдетіледі. 

ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР

Заң жобасының негізгі жаңалығы – активтердің жаңа класы ретінде цифрлық қаржы активтерін реттеуді енгізу және олардың Қазақстан аумағындағы айналымына рұқсат беру. Атап айтқанда, цифрлық қаржы активтерінің үш түрін енгізу көзделген:

“Біріншіден, базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері, яғни стейблкоиндер. Стейблкоиндерді шығару,айналысқа жіберу және өтеу тәртібіне, шарттарына қойылатын талаптарды Ұлттық банк айқындайды. Сондай-ақ заң жобасында банктердің экожүйелер шеңберінде инновациялық қаржы өнімдерін дамыту, банк қызметіне озық технологияларды енгізу және банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қаржылық-технологиялық компаниялардың капиталына инвестициялау мүмкіндіктері кеңейтіледі. Банктерге цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік, биометрия, жасанды интеллект және телекоммуникация салаларында еншілес компанияларды құру және сатып алу құқығы беріледі”, – дейді ол.

Банктердің еншілес ұйымдары шетелдік қаржы және лизингтік компанияларға инвестиция сала алады. Еншілес сақтандыру ұйымдарына шетелдік сақтандыру брокерлерін, медициналық мекемелерді құруға және халықаралық сақтандыру синдикаттарына қатысуға рұқсат етіледі.

Заң жобасында түзетулердің едәуір блогы ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Оған ашық банкинг жүйесі, мобильді төлемдер мен төлем карточкалары жүйесі, ұлттық төлем жүйесі, сәйкестендіру деректерін алмасу орталығы және цифрлық теңге кіреді. Цифрлық теңгенің ұлттық валютаның жаңа нысаны ретіндегі мәртебесі заңнамалық түрде бекітіледі. Цифрлық теңгенің айналысы және оны пайдалану тәртібін  Ұлттық банк айқындайды.

ИСЛАМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ

Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия шеңберінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді. Бұл нормалар банктерге жеке банкті құрмай, өзқұрылымындаарнайы бөлімшелер құру арқылы   исламдықөнімдердіұсынуға мүмкіндік береді.

Заң жобасында исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтерменміндеттемелердібөлекесепке алу жәнебасқару, жекеқызметкерлердібөлу,сондай-ақ қаржыөнімдерінбекітетінжәнеаудит жүргізетін шариғатқасәйкестікжөніндегікеңестіңболуыкөзделген.

 Заң жобасы шеңберінде тәуекелге бағдарлану қағидаттарында іс-қимылды қадағалаудың толыққанды моделін енгізу көзделген.

“Жаңа модель іс-қимыл тәуекелдерін басқару жүйесін құруды көздейді. Оған іс-қимыл тәуекелдерін басқару стратегиясы, қаржы өнімдерін бағалау бойынша тәуелсіз бөлімшелер құру, қаржы өнімдерін басқару бойынша, қаржы өнімдері туралы тұтынушыларға толық және шынайы ақпаратты жеткізу бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ тұтынушылардан кері байланысты талдау кіреді. Бұдан басқа, Заң жобасында жосықсыз практикалардың тізбесі бекітілді, атап айтқанда қызметтерді мәжбүрлеу, нақты құнын жасыру және жаңылыстыратын ақпаратты тарату. Агенттікке тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өнімдерді сатуды тоқтату бойынша өкілеттіктер беріледі”, – дейді Мадина Әбілқасымова.

Сонымен бірге Заң жобасында банк, сақтандыру және микроқаржылық қызметтер бойынша қаржы омбудсманының бірыңғай офисін құру көзделеді. Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін дауларды сотқа дейін реттеудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Шағымдарды бастапқыда қаржы ұйымдары қарайды, одан кейін қаржы омбудсманына және Агенттікке жүгінеді.

ӘЛСІЗ БАНКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙДЫ

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізіледі. Халықаралық практикаға сәйкес келетін жаңатетікбанктердің төлемге қабілетсіздігін реттеуге ешендітәсілдіжәнеүйлестірілгенведомствоаралықөзара іс-қимылды көздейді.

Бұл тәсіл халықаралық стандарт болып табылады, оны жетекші қаржылық реттеушілердің көпшілігі, оның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания енгізді.

Біріншіден, реттеу тетігі дағдарысқа қарсы үш режимнен тұрады: күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру және төлемге қабілетсіз банкті реттеу. Режимдердің өзгеруі алдын ала белгіленген триггерлер бойынша жүзеге асырылады, бұл реттеушінің уақтылы әрекет етуін және олардың болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, банктердің қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау үшін жаңа құралдар, яғни қалпына келтіру жоспарлары және реттеу жоспарлары  енгізіледі. Бұл құжаттар банктідағдарыстыжағдайданшығаружәне төлем қабілетсіздігін болдырмау бойынша жан-жақты шараларды айқындайды.Жоспарлардыәзірлеужәне жыл сайынжаңартубанктердің, сол сияқты реттеушінің деміндетіболады.

ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЛАР

Заң жобасында тәуелсіз директорлар шешімдерінің  объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың институтын күшейту көзделеді. Тәуелсіз директорлардың тәуелсіздігіне қосымша талаптар енгізіледі, сондай-ақ директорлар кеңесінде болудың ең көп мерзімін 9 жыл деп белгілеу көзделеді.

Сонымен бірге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесі кеңейтіледі.

 

Back to top button