ЕрекшеСпорт

“Оқжетпесті” қытайлық компания сатып ала ма – бас хатшы жауап берді

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория елдегі футбол клубтарын жекешелендіруге шетелдік инвесторлардың қатысуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ЛОРИЯ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕНІ МЫСАЛ ЕТТІ

Өзіне қойылған сұраққа: “Неліктен болмасын? Капитал тарту әлемдік тәжірибе болып саналажы” деп жауап берді.

Мысалы, Англия Премьер-лигасындағы көптеген клуб иелері АҚШ, Қытай және Таиландтан келген инвесторлар. Бұл қалыпты әрі халықаралық тәжірибе. Егер мұндай қадам әр клубқа пайда әкеліп, қазақстандық футболдың дамуына серпін беріп жатса, онда біз мұндай мүмкіндіктерді қарастыруымыз қажет, – деді Лория Үкімет қабырғасында өткен жиында.

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде Көкшетаудың «Оқжетпес» клубын қытайлық компания сатып алмақ деп тарап жатқан ақпаратқа да түсініктеме берді.

Күте тұрайық. Келіссөздер жүргізілетіндігінен хабардармын. Кейін оның қаншалықты жүзеге асатынын көреміз. Дегенмен егер шетелдік инвестор қазақстандық футболға қаржы құюға дайын болса, бұл қызықты тәжірибе болмақ, – деді федерацияның бас хатшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, қараша айының соңына дейін қазақстандық үш футбол клубы жекеменшікке өтеді.

Back to top button