Ерекше

Киік етін супермаркеттерден сатып алуға болады

Қазір еттің бір келісі 1200 бен 1600 теңге аралығында, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

БЕРДАЛИН БӨЛШЕК САУДА ЖАЙЛЫ

Киік еті алдағы уақытта елдегі ірі сауда желілерінің және супермаркеттердің сөрелерінен көрінуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.

«Сатылымды кеңейту жоспарланып отыр», – деді ол бөлшек сауданың болашағы туралы айта отырып.

“ШЕКТЕУ ЖОҚ”

Вице-министрдің сөзінше, киік етін сатуға қазір ешқандай шектеу жоқ.

«Киік популяциясын реттеу ісімен Экология министрлігі айналысады. Ал біз өз тарапымыздан сою пункттерін және ветеринариялық талаптардың сақталуын бақылаймыз. Қазір сатуға тыйым салынған жоқ – шектеулер тек ауру табылған жағдайда ғана енгізіледі. Осы күнге дейін ондай деректер тіркелмеді, сондықтан ет еркін саудаланып жатыр», – деп түсіндірді Бердалин.

Айта кетейік, аталған жануар етін сату Қазақстанда тамыз айында басталған. Бүгінде оның бағасы килограмына 1200–1600 теңге шамасында.
Мамандардың айтуынша, киіктердің санын реттеу туралы шешім маусым айының соңында қабылданғанқ Қазір олардың саны 3,9 миллион басқа жетіпті.

Back to top button