ЕрекшеЖаңалықтар
ҚФФ “Қайрат” матчының билеттері тым қымбат деп санайды

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Дэвид Лория Алматыдағы “Қайрат“ — “Пафос“ матчына билеттердің құнын жоғары деп атады.
Естеріңізге сала кетейік, бағалар 30 мың теңгеден басталған.
“Бұл өте қымбат болды деп санаймыз. Бірақ баға саясатын клубтың өзі анықтайды, сондықтан бізде олардың бағасына әсер ететін ешқандай левередж жоқ.“,– деді Лория.
Ол Миланда қонақ секторына билеттер 7 мың теңгеден тұратынын және мұндай бағаны анағұрлым қолайлы деп санайтынын атап өтті. ҚФФ клубтың келесі ойындарында бағалар “орынды” болады деп үміттенетінін айтты.