Қазақстандықтар байланыс операторларының тарифтерді күрт көтеруіне наразылық білдіріп, түсініктеме беруді талап етуде, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.
“БАСЫНДА 5500 ТЕҢГЕ БОЛАТЫН”
Әлеуметтік желілерде Altel мен Beeline операторларының қызметтері қымбаттағаны туралы ақпарат кеңінен тарады. Тарифтерінің бағасы едәуір өскен деп жатыр. Мәселен, volkov.news парақшасы Threads желісінде Altel ең танымал қызмет пакетінің бағасын шамамен екі есе арттырғанын хабарлады. Басқа қолданушылар да бұл ақпаратты растап, бағаның көтерілгенін айтып отыр.
Бір клиенттің айтуынша, Beeline-ның үйдегі интернеті, үш жыл бұрын 5 500 теңге болса, желтоқсаннан бастап 21 500 теңгеге дейін өседі.
«Басында 5 500 теңге еді, кейін 8 590, сосын 11 590 болды. Сонда осымен тоқтайтын шығар деп ойладым. Ал желтоқсанда 21 500 теңгеге жететін түрі бар. Бұл не сұмдық?», – деп жазды қолданушы.
Пікірлерде көптеген адам бағаның бұлай құбылуына наразы болып, операторлардан ресми түсініктеме беруді сұрап жатыр. Бірақ компания тарапынан ресми мәлімдеме әлі жасаған жоқ.
ALTEL АЛҒА ТАРТҚАН АҚПАРАТ
9 қазанда Altel ресми сайтында кейбір тарифтің бағасы қайта қаралатыны туралы хабарлама жариялады. Компания мұны желілерді дамыту мен жаңғырту шығындарының, сондай-ақ жабдық бағасының өсуімен түсіндірді.
«Абоненттік төлемақыны қайта қарау бізге қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сіздерге сапалырақ байланыс ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қолданыстағы тарифтерде қосымша ресурстар ұсынамыз», – делінген хабарламада.
Бағасы өзгеретін тарифтер:
- Ерекше – 2 990 теңге;
- Expert – 2 690 теңге.
МӘН-ЖАЙЫ
2025 жылдың қаңтарында Қазір жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылған салалық ведомство операторларға тікелей ықпал ету тетіктері жоқ екенін хабарлаған.
Бұрынғы вице-министр Асхат Оразбек 2024 жылдың соңында операторлармен келісімге келіп, Жаңа жыл мерекесіне дейін тарифтерді көтермеуге уағдаласқанын, алайда мерекеден кейін компаниялар бағаны көтеру процедурасын бастағанын айтқан.
Сонымен қатар, ол министрлік пен АЗРК (Бәсекелестікті қорғау агенттігі) операторлар арасында баға көтеру жөніндегі келісім белгілерін анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын, бірақ Кәсіпкерлік кодексінің нормалары «Байланыс туралы» заңнан жоғары тұрғанын атап өтті.
Бұған дейін үкімет брифингінде Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадин келер жылы компания тарифтерін 15-20 пайызға көтеретінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл өзгеріс ҚҚС мөлшерлемесінің 2026 жылы көтерілуімен байланысты.
Beeline басшылығындағылард да бағаның қымбаттауын 2026 жылы күшіне енетін қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің көтерілуімен байланыстырды. Олар бұл өзгеріс саланың өзіне шамамен 35-40 миллиард теңге көлемінде әсер ететін маңызды фактор екенін атап өтті.
Сәйкесінше, біз баға өзгерісін қаңтар айында жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл клиенттер тарифтердің қайта қымбаттауын күтпесе болады, – делінген ақпаратта.