ЕрекшеТергеу

Алматыда бүгін азаптау ісі бойынша күдікті Олеся Кексельдің ісі қаралады

Кексельдің ісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында қаралады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сот кабинетінде оның ісі бүгін сағат 12.30-да қаралатыны жөнінде ақпарат пайда болды.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев бғұан дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау фактілері бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған еді. Жуырда соттың санкциясымен оған екі ай мерзімге үй қамаққа алынған. 2021 жылы 16 қарашада Кексельге қатысты азаптау туралы арыз бойынша тергеу бастаған болатын. Ал 2021 жылғы 21 қарашада іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.
 
Олеся Кексель кезінде бірқатар ірі сыбайлас жемқорлық істерін тергеумен айналысқан. Соның ішінде: – бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтың ісі, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының міндетін атқарған Лариса Пактың ісі бар.
Back to top button