ЕрекшеҚоғам

Баталов отставкаға кетті ме – “Атамекен” палатасындағылар жауап берді

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағылар президиум төрағасы Райымбек Баталовтың қызметінен босатылуы мүмкін деген ақпаратқа палата ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ХАБАРЛАМАДА НЕ ДЕЛІНГЕН

Бұл туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын.

«Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңға және Палатаның жарғысына сәйкес, президиум төрағасы тек съезд шешімімен ғана сайланып, сол шешіммен қызметінен босатылады. Бұл мәселеге қатысты өзге де мәлімдемелер мен жарияланымдар шындыққа жанаспайды және ешқандай құқықтық негізге ие емес. Тексерілмеген, ресми расталмаған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, Райымбек Баталов 2022 жылдың ақпан айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының төрағасы болып сайланған еді.

Back to top button