$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылды

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды «QazaqGaz Аймақ» АҚ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа рұқсатсыз газ жүйесіне қосу себеп болған.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, бірнеше пәтерге зақым келді. Газ беру уақытша тоқтатылды. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде, газ желілері тексеріліп жатыр.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button