ЕрекшеҚоғам

“40-қа тарта адам жұмыстан шығарылған”: Қазақстанда жол салу кезінде 2,7 мыңнан астам ақау анықталды

Биыл жол құрылысы нысандарына жүргізілген тексерістер нәтижесінде 2 777 түрлі кемшілік тіркелген. Оның шамамен 1,4 мыңға жуығы жойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы мұның алдында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ).

«Жол құрылысының барлық кезеңінде сапа мәселесіне ерекше назар аударылады. Биыл мердігер ұйымдар салған жобаларда 2 777 ақау анықталды, оның ішінде шамамен 1 400-і түзетілді. Қалған кемшіліктер жоспарға сәйкес жойылып жатыр», — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, жыл басынан бері техникалық бақылау қызметін сапасыз орындағаны үшін жалпы сомасы 200 миллион теңге айыппұл салынған, сондай-ақ 36 маман жұмыстан босатылған.

Оның сөзінше, сот шешімімен 10 мердігер компания республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізілген.

Back to top button