Қазақстанда бір жылда мыңдаған адам ұлтын ауыстырған
Егер бұл көрсеткішті аптаға шақсақ, әр жеті күн сайын шамамен 58 қазақстандық өз құжаттарында ұлтын өзгерткісі келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кредиттік бюро дерегінше, тоғыз ай ішінде қазақстандықтар 2,2 миллионға жуық жаңа жеке куәлік пен төлқұжат алу туралы өтініш берген.
Статистикаға сүйенсек, сирек кездесетін өтініштер арасында тұлғаны анықтау істері екінші орында (700 өтініш), туған күні мен туған жерін өзгертуге қатысты өтініштер (500 өтініш) үшінші орында тұр.
«Бұдан да сирек кездесетін жағдай – азаматтардың жоғалған КСРО паспорттарын қалпына келтіру жөніндегі өтініштері. Мұндай өтініштердің саны бар-жоғы 400», – деді Бірінші кредиттік бюродағылар.
Бұған дейін хабарланғандай, құжаттардағы ұлтты өзгерту кей жағдайда қолдау таппайды, кейде бюрократиялық кедергілерге тап болуы мүмкін. Мәселен, Алматы қаласының бір тұрғыны өз ұлтын қазақ ретінде рәсімдемек болғанымен, Ресей құжаттарында «ұлт» деген баған жоқ болғандықтан, қазақ ретінде тегін дәлелдей алмапты. Оған сол елде тұруға рұқсат алу үшін төлем қабілеттілігі туралы анықтама, не қазақ азаматына тұрмысқа шығу жолы ұсынылған.
Тағы бір мысал – 2023 жылы Астанадағы әйел сот арқылы ұлтын «белорус» емес, «неміс» деп өзгертіп алған. Сот оның өзін-өзі ұлттық тұрғыда сәйкестендіруі мен отбасылық мұрағаттағы жазбаларды жеткілікті санап, ІІМ-ге рәсімдеуді аяқтауды міндеттеген.