ЕрекшеЖаңалықтар

Заңсыз такси: Қазақстанда интернет-агрегаторлардан 40 мыңнан астам адам бұғатталды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттарға берген жауабында заңсыз такси қызметімен күрес қалай жүргізіліп жатқанын баян еткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ОҢ ЖАҚ РӨЛДІ ТАКСИ КӨП

Ресми жауапқа сүйенсек, бүгінгі таңда заңсыз жолаушылар тасымалының негізгі санаты «Toyota Alphard» және «Toyota Estima» маркалы автомобильдерді пайдаланады. Едәуір бөлігі оң жақ рөлді немесе сол жақ рөлге қолдан жасап алған, бұл жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сонымен тіркеу есебінде «Toyota Alphard» маркалы 12 001 көлік құралы (9 554 бірлік – сол жақ, 2 447 бірлік – оң жақ) және 11 191 «Toyota Estima» (5 838 бірлік – сол жақ, 5 353 бірлік – оң жақ) бар болып шықты.

“2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан оң жақ рульді көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынғанына қарамастан, олар 2023 жылғы бір реттік заңдастыру шеңберінде тіркелген. Заңнамаға сәйкес жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін, оның ішінде минивендерді (шағын автобустарды) пайдалана отырып, лицензия беру көзделген, ал көліктік бақылау инспекциясы лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіздердің бірі жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттардың) болмауы”, – дейді жауабында Сәденов.

ТАКСИ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛУҒА МІНДЕТТІ

Жолаушылар тасымалы саласын реттейтін құқықтық актілермен арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолмен, оң жақ рульмен басқарылатын, сондай-ақ бүйір есіктерінің саны төрттен кем автокөлік құралдарын тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсырыстарды алу үшін интернетплатформаларды (Indriver, Yandex және т.б.) пайдаланатын жеке такси тасымалдаушыларының қызметін реттеу бөлігінде нормалар («Автомобиль көлігі туралы» Заң) қолданылады.

Жеке такси тасымалдаушылары жергілікті атқарушы органға такси тасымалдаушысы ретінде өз қызметінің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті, әкімдіктер оларды Рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық тізіліміне енгізеді, ал интернет-платформалардың (Indriver, Yandex және т.б.) иелері тиісті тізілімге енгізілген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстарды тіркейді және ұсынады.

Сәденовтің мәліметінше, жүргізушілер қалааралық тасымалдау кезінде жиі міндетті талаптарды бұзады:

  • жолаушыларды тасымалдауға лицензия жоқ,
  • рейс алдындағы медициналық тексеру және техникалық қарап тексеру жүргізілмейді,
  • жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі бұзылады.

Агрегаторларды алдау жағдайлары анықталды: жүргізушілер қосымшада бір автокөлікті (мысалы, сол жақ рульді) тіркейді, ал іс жүзінде басқа көлікте (көбінесе оң жақ рульді) тасымалдауды жүзеге асырады, бұл туралы ақпаратты тапсырыс жазбаларында орналастырады. Бұл ретте, көрсетілген талаптардың орындалуын бақылау жеке такси тасымалдаушыларына тапсырыстар беретін интернет-платформалардың иелеріне жүктеледі.

Жол жүрісі және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу фактілері бойынша интернет-агрегаторлар өз бетінше де, полиция ақпараты бойынша да өз платформаларын пайдаланушыларды бұғаттайды. Тек биылғы жылы жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін интернет-агрегатор платформаларының 40 мыңнан астам пайдаланушысы бұғатталған.

“Жалпы алғанда, жолаушылар тасымалын және рұқсат беру құжаттамасының болуын, оның ішінде шағын автобустар мен автобустарды тахографтармен міндетті жарақтандыруды бақылау (еңбек және демалыс режимін бақылау) көліктік бақылау инспекциясына жүктелген. Мұнда полиция бақылау шараларын жүзеге асыруда шектеулі. «Жол жүрісі туралы» Заңның 52-бабына сәйкес жедел-профилактикалық ісшараларды өткізу кезеңін қоспағанда, көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар мен интернет-платформалардың дерекқорларына қолжетімділігі шектеулі жағдайларда полиция қызметкерлері бұзушылықтарды анықтау бойынша профилактикалық және жедел-профилактикалық іс-шаралар (бұдан әрі-ЖПІ) өткізеді. Биылғы жылы 3089 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 4-і қамауға алынды, ал қалғандарына 184 млн теңге айыппұл салынды”, – делінген жауапта.

Back to top button