Ерекше

Ақордадағы қызметінен кеткен Абзал Нүкенов жаңа лауазымға тағайындалды

Өткен сенбіде Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылған Абзал Нүкенов енді жұмысын Алматы қаласы әкімдігінде жалғастырады, деп хабарлайды  Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратынша, ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім беру, жастар саясаты және дін бағытында жетекшілік етеді.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.

  • 1995-2000 жылдары — «саясаттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)
  • 2000-2005 жылдары — «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.
  • 2005-2006 жылдары — Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы.
  • 2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2009-2011 жылдары — Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.
  • 2011-2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды.
  • 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
  • 2018-2019 жылдары – “Астана” халықаралық ғылыми кешені” жекеменшік мекемесінде директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2019-2022 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
  • 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.
  • 2025 жылы 11 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.
Back to top button