Мәжіліс депутаттарының мәліметінше, парламент ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заң жобасын қайта қарауға кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
ДЕПУТАТТАР НЕ ДЕЙДІ
Депутат Ирина Смиронованың сөзінше, кеше (Мәжіліс комитетінің отырысында – КазТАГ) түзетулер қаралды және қабылданды.
Бұл ережелер ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты ғана, адамдарды тыйым салу емес. Әркім өз өмірінде не қажет деп санаса, солай өмір сүре алады. Бұл жерде педофилия туралы айтылып отырған жоқ. Ал ЛГБТ насихатталмауы тиіс», — деді депутат Ирина Смирнова.
Журналистер Смирновадан Қазақстанда ЛГБТ-ның қалай насихатталатынын және қандай шектеулер енгізілетінін сұрады.
«Сіздер көрмеген боларсыздар, ал мен көрдім. Мәселен, кітапханаларда ЛГБТ-ны насихаттайтын кітаптар бар. Мысалы, бір ханзада екіншісіне ғашық болады, екеуі де ұлдар. Мұндай мысалдар көп. Көрсетілетін мультфильмдер, журналдар, комикстерде теріс насихат лебі сезіледі. Бұдан бөлек, педофилия да көрініс беріп жатады», — деді Смирнова.
Ал Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин бұл контент тек белгіленіп қоймай, Қазақстанда толық тыйым салынатынын атап өтті.
«Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз міндетті түрде әрекет етуіміз керек. (…) Менің ойымша, бұл насихатты тоқтату қажет, балалардың психикасын бүлдіруге болмайды. (…) Америкалық және канадалық зерттеулер көрсеткендей, ЛГБТ қауымдастығына кіретін жасөспірімдер арасындағы суицид саны гетеросексуалды жасөспірімдерге қарағанда үш-төрт есе көп. Менің ойымша, бұл құбылыс ұзақ уақыт бойы жасырын түрде өркендеп келді, қазір олар ашық түрде осы қауымдастықты насихаттай бастады. Әлеуметтік желілерге қараңыз, олар ашық айтып отыр. Біз қайда бара жатырмыз, бұл шынымен қауіп төндіреді. Үш жыл бойы талпысып келеміз. Бір күнде бұл норма пайда болған жоқ. Енді уақыт келді, осы насихатты тоқтатудың кезі жетті», – деді депутат.
Жанбыршиннің айтуынша, ЛГБТ логотипін еске салатын киім кию үшін де жауапкершілік қарастырылады:
«Маңызды болса – үйде киіңіз, бірақ көшеге шығып өзіңізді көрсетуге болмайды», — деп нақтылады ол.
ЕЛДЕГІ ЗАҢ РЕСЕЙДІКІНЕ ҰҚСАЙ МА
Сонымен бірге депутат заң Ресейдің «ЛГБТ насихатына тыйым салу» заңына ұқсас негізде қабылданып жатқанын жоққа шығарды.
«Тек Ресей ғана емес, көршілес Өзбекстан сияқты көптеген елде де бұл заң ұзақ уақыттан бері бар», — деді Жанбыршин.
Депутаттар Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығының мүшесі болуға тыйым салынбайтынын, бірақ оны ашық көрсетуге болмайтынын түсіндірді.
«Барлығы өз қалауы бойынша өмір сүрсін. Әр адамның өз қалауынша бойынша өмір сүруге құқылы. Бірақ ЛГБТ, свингерлік махаббат сияқты нәрселерді насихаттап, оны керемет әрі тамаша деп көрсетуге болмайды. Үйдегі өмір тек сол үйдің ішінде қалсын», – деді Смирнова.
Депутаттар ЛГБТ насихатына қандай жаза қолданылатынын әзірге нақтылай алмады, бұл мәселе әлі талқыланып жатыр.