Ерекше
Жеңіс Қасымбек қызметінен кете ме

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қызметінен кетеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz ақпарат агенттігі BES.media-ға сілтеме жасап.
“БҰЛ ТЕК ҚАУЕСЕТ”
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жеңіс Қасымбектің қызметінен кетуі немесе жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкін деген түрлі қауесеттер тараған еді. Осыған орай, қала әкімі бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.
«Мұның тек қауесет екенін өздеріңіз де айтып отырсыздар. Алып-қашпа әңгімеге сенбеңіздер. Оны талқылау – жөн іс емес», – деді Жеңіс Қасымбек Уркер тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуде.