
ІІМ ресми өкілі Шынғыс Әлекешев Тараз қаласында қызды ұрлау фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 125-1-бабы (некеге мәжбүрлеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Үш күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Барлық қатысы бар тұлғалар заңға сәйкес құқықтық бағасын алады.
Айта кетейік, 125-1-бап қылмыстық заңнамаға соңғы жаңартулардың бірі ретінде енгізілген.
«Ішкі істер органдары қатаң ұстанымда: үйленуге мәжбүрлеудің кез келген әрекеті және азаматтардың жеке еркіндігіне қарсы басқа да қылмыстар қатаң түрде тоқтатылады», — деді Алекешев.
ІІМ азаматтардың қауіпсіздігі мен жеке құқықтары басты назарда тұрғанын атап өтеді.