Трамптың арнайы өкілі Алматыда жүр
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға келді, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы мәліметпен алдымен Ақорда бөліскен болатын.
«Алматы қаласына АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау келді. Сапар бағдарламасында қазақстан-американ қатынастарының болашағын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған бірқатар кездесу жоспарланған», — делінген сейсенбі күнгі ресми хабарламада.
Бүгін Алматыда Серджио Гор мен Кристофер Ландау қазақстандық іскер топтар өкілдерімен және елде жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялардың басшыларымен жүздесті.
«Сонымен қатар олар заманауи өнер мұражайына, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына және Медеу биік таулы мұз айдынына барды. Қонақтарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәденбай бастап жүрді», – деп мәлімдеді Ақордада.