Без рубрикиЕрекше

Республика күнінде Қазақстанда 700-ден астам сәби дүниеге келді

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған сәбилердің санын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратынша, 25 қазан – Республика күнінде елдегі перзентханаларда барлығы 709 сәби дүние есігін ашты. Олардың 359-ы — ұл, 350-і — қыз бала.
Министрлік мәліметінше, мереке күні дәрігерлер 704 босануды қабылдаған. Оның ішіндегі ерекше жайттың бірі сол, бес жұп егіз дүниеге келді. Сирек жағдай.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні еңбектенген дәрігерлерге, акушерлерге және перзентхана қызметкерлеріне зор алғыс білдірді.

Back to top button