ЕрекшеЭкономика

Қазақстан Әзірбайжанмен энергетикаға қатысты келісім жасасты

Қазақстан Үкіметі Әзербайжанмен энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім жобасын бекіту туралы», – делінген құжатта.

Келісімге сәйкес, тараптар төмендегі бағыттарда ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты:

  • мұнай және газ саласы;
  • жаңартылатын энергия көздері;
  • өзара қызығушылық тудыратын өзге де ынтымақтастық бағыттары.

Бұл келісім екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, аймақтық тұрақтылық пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етпек.

Back to top button