ЕрекшеЖаңалықтарТергеу
Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

Түркістан облысында сотталушы ем қабылдап жатқан ауруханадан қашып кетті. Оқиға 23 қазанда болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Облыстық департамент басшылығы жағдайды жеке бақылауға алған.
«Оны іздеу үшін полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Болған жағдай бойынша қызметтік тергеу басталды, оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылданады», – делінген өңірлік ПД хабарламасында.