ЕрекшеЖаңалықтар

Қар барысы Қырғызстанның ресми символына айналды

2025 жылдың 23 қазанынан бастап қар барысы Қырғызстанның ұлттық символы болып ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тиісті қаулыны елдің министрлер кабинеті мақұлдады. Құжатқа қосымшаға сәйкес, қар барысының логотипі жануардың динамикалық бейнесін көрсетеді.

Барыс қырынан бейнеленген – басы көтеріңкі, көзі алға бағытталған, құйрығы иіліп жоғары көтерілген. Бұл батылдықты, алға ұмтылысты және ішкі қуатты білдіреді. Ал оң аяғымен аттаған қадамы – ізгі ниеттің және дұрыс жолмен жүрудің нышаны ретінде түсіндіріледі.

Back to top button