ЕрекшеОқиға

Батыс Қазақстан облысы аумағында дрон жарылды

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданындағы Қызылтал ауылының маңында белгісіз тектегі дрон жарылды. Куәгерлердің айтуынша, ауылдағы үйлердің шатырлары ұшып кете жаздаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, дрон айтарлықтай қуатты жарылғыш зат алып жүрген. Бұған оқиға орнында пайда болған үлкен шұңқыр дәлел. Қазір оқиға орнында аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар департаменті және полиция өкілдері жұмыс істеп жатыр.

“Бөрілі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлайды полиция.

Айта кетейік, бүгін таңертең көршілес Орынбор облысында ұшқышсыз ұшу аппараттары қаупіне байланысты әуе дабылы жарияланған болатын.

Back to top button