ЕрекшеОқиға

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«23 қазан күні Самара – Шымкент автожолында, Белқопа елді мекенінің маңында, жүк көлігі DAF пен жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен “ГАЗельдің” 10 жолаушысы көз жұмды», — деп хабарлады бейсенбі күні Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

«Апат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жолаушылар тасымалдайтын “ГАЗель” көлігі ресми түрде Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына бағыт алғаны анықталды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп қосты полицейлер.

Back to top button