Ерекше

Air Astana-ны неге шетелдік басқарады – «Самұрық-Қазына» басшысы жауап берді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Air Astana әуе компаниясына жаңа бас атқарушы директорының тағайындалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ЖАНЛЫЕЛДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ

Айта кетейік, 8 қазан күні әуе компаниясындағылар 2026 жылы, наурыз айының соңына таман Питер Фостердің Air Astana АҚ директорлар кеңесі құрамынан және бас атқарушы директоры лауазымынан кететіні туралы ақпармен бөліскен болатын. Ал оның орнына қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел басшы болып тағайындалады.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бұл шешімді Air Astana-ның директорлар кеңесі қабылдаған. Әуе компаниясының негізгі акционерлері – бөлшек инвесторлар мен шетелдік институционалдық инвесторлар. «Самұрық-Қазынаның» үлесі – 41%.

Air Astana директорлар кеңесі шешімімен компанияның басқарма төрағасы болып 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Ибрахим Жанлыел тағайындалатын болды. Ол – аса тәжірибелі маман. Air Astana компаниясында 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Жалпы, оның авиация саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Бүгінде компания флотында 62 әуе кемесі бар. Бұл – аймақтағы ең ірі әуе компаниясы. Соңғы 14 жыл бойы үздік деп танылып келеді. Тіпті бес жұлдызды әуе тасымалдаушы мәртебесіне ие болды. Мұның бәрі қазіргі басқару құрамының тиімді жұмыс істеп жатқанын дәлелдейді, – деді қор басшысы.

Сондай-ақ, Жақыпов соңғы тоғыз жыл көлемінде Ибрахим Жанлыел Питер Фостердің бірінші орынбасары қызметін атқарғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тағайындау компанияның табиғи әрі жүйелі дамуының көрінісі.

Back to top button