ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады

Жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желі орнатуды қамтиды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қолжетімді нүктелер шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады.

Бірінші кезеңде жоба 10 қаладағы 400 нысанды қамтиды. 2027 жылға қарай қолжетімді нүктелер саны 20 мыңға дейін кеңейтіледі, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2026 жылы VoWiFi технологиясын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл технология кез келген қолжетімді Wi-Fi желісі арқылы дауыс қоңырауларын шалып және қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, «ақ дақтар» мәселесі шешіледі.

Қазақстан билігі 2027 жылдың соңына дейін халықты интернетпен 100 пайыз қамтуды көздеп отыр. Интернет жылдамдығы секундына 100 мегабиттен асады, ал талшықты-оптикалық байланыс желілері ауылдардың 90 пайызына дейін жеткізіледі, деді Үкімет отырысында Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев.

Қалған 10 пайыз ауыл интернетке спутниктік байланыс арқылы қосылад

Back to top button