
ММА спортшысы Қуат Хамитов “Реал Мадрид” командасының Алматыға келіп ойнағанына аса қуана қоймайтынын айтты. Ол отандық футбол жайлы пікірінен бас тартпайтынын vipnewskz-ке берген сұхбатында айтқан.
“Мен неге сөзімді қайтып алуым керек? Адамдар өз көзімен жұлдыздарды көргеннен кейін қуанып, бірігіп кетті. Бала кезден бері бір командаға жанкүйер болып жүргеніңде сенің “колхозыңа”, туған ауылыңа Криштиану Роналду келіп жатса әрине… Роналду келсе, стадионға лыпасыз барар едім. Маған “Қайрат” үшін бе, емес пе бәрібір болар еді. Сол үшін елге “Реал Мадрид” келгені үшін ғана адамдар қатты қуанды де ойлаймын”, – дейді ол.
Спортының айтуынша, “Қайраттың” “Реалдан” 0:5 есебімен ұтылғанын есіне салды.
“Ең жоғары деңгейде ойнап жүрген футболшылар өз халқын тонап жатқан жоқ қой. Криштиану Роналду Португалияда миллиардтап ақша ұрлап, Спортинг немесе Реал Мадрид үшін ойнауға барды дегенді естідіңдер ме? Менің сөзім қате екенін дәлелдеу үшін Қазақстанның спортын қаржыландыруды (мемлекеттік) толық тоқтату керек. Олар букмекерлер немесе демеушілерді тауып, өз-өздерін көтеріп, халықтың ақшасын жұмсамай “Реал Мадридпен” ойнаса, 5-10 жылдан кейін осындай дәрежеге жетсе, мен өзім-ақ оларды қолдайтын едім. Өйткені пайда әкелетіндерді неге қолдамасқа?” – дейді ол.
Қуат Хамитов УЕФА-ға қосылғалы бері Қазақстанның футбол командаларына мемлекеттен өте көп қаражат жұмсалғанын, сол ақшаға Дубай сияқты 10 қала салып тастауға болатынын айтты.
“Ондайда көше сыпырып жүрген шал-кемпірлер болмас еді. 30 жылда ұрлап, жымқырып келіп, енді “Реал Мадридтің” келгеніне ақымақтар ғана қуанады”, – дейді ол.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасында жақында алматылық “Қайрат” командасы мадридтік “Реалмен” ойнап, 0:5 есебімен ұтылған еді.