Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
КҮДІКТІ ӘРЕКЕТТЕРДІ БІРДЕН ТІРКЕЙДІ
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта елд жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жоба қоғамдық кеңістіктерде тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл жүйе автоматты түрде бет-әлпетті, көлік нөмірлерін таниды. Сонымен қатар төбелес, адамдардың көп шоғырлануы, заттарды қалдырып кету сияқты күдікті әрекеттерді тіркеп отырады. Бұл қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, құқық қорғау органдарының әрекет ету жылдамдығын айтарлықтай жақсартады, – деді Мәдиев.