Жемқорлардан тәркіленген: 150 млн теңгелік қолсағат аукционға қойылды

Электронды сауда алаңында құны 150 млн теңгелік қолсағат аукционға қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл сағатты сатушы – Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Айта кетейік, аталған компания жемқорлардан тәркіленген немесе қайтарылған активтерді сатып, ақшасын бюджетке аударып отырады. Үкімет сол ақшаны өңірлердегі әлеуметтік нысандарды салуға бағыттайды.
Жақында сауда алаңында 150 млн теңгеге Ulysse Nardin Classic 789-80 маркалы сағат пайда болды.

Аукион сайтында немесе мүлікті сататын компанияның ресми порталында мұндай мүліктердің кімнен тәркіленгені атап көрсетілмейді.
Ulysse Nardin Classic 789-80 – минуттық турбийон авантюрин циферблатына енгізілген, әртүрлі төрт тондағы гонг арқылы орындалады (ми-до-ре-соль). Репетир қосылғанда, сағаттық қоңыраудың тоны – соль, минуттық қоңырауы – ми. Барлық 4 гонг төрттік үшін 3 әртүрлі реттілікке ие. Авантюрин циферблатындағы фигуралар 18 караттық алтыннан қолмен ойылып жасалған. Жакемар қозғалысы қоңырау дыбысымен синхрондалған. Әлемде мұндай сағаттың тек 30 данасы шығарылған.

Сағат корпусының диаметрі – 42 мм. Корпус платинадан жасалған. Циферблат авантюриннен, ал алтыннан жасалған фигуралар – шайқасушы жауынгерлер бейнесінде. Корпустың бетінде сызаттар бар, ал білезігі қатты зақымдалған.
Сағаттың құны – 150 млн теңге. Аукцион 4 қарашада өтеді.