«Мені ұстап беруі мүмкін»: ресейлік журналист Дудь Қазақстанға келе алмайтынын айтты
Өз елінде “шетел агенті” деп танылған ресейлік журналист Юрий Дудь Қазақстанға неге келе алмайтынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Блогер Әлішер Елікбаевпен Испанияда тілдескен журналистен не үшін сұхбатқа Қазақстанның адамдарын шақырылмай қалғаны сұралған.
«Өкінішке қарай, мен қазір Қазақстанға бара алмаймын. Сол кейіпкерлерді түсірсем, бәрі Қазақстанда сәтті шығар еді. Ал сол жаққа жету мәселесі… мүмкін емес. Ресейде менің үстімнен қылмыстық іс қозғалған. Соның салдарынан Қазақстан, бәлкім, бұл қылмыстық іс бойынша мені ұстап беруі мүмкін. Қазақстан халқына деген үлкен құрметім және достарым бар болса да, мен қазір бара алмаймын және олармен бейтарап жерде кездесемін», — деді Юрий Дудь.
Содан кейін Еликбаев Дудьдің каналындағы Қазақстан кейіпкерлері қатысқан эпизодтар бойынша блиц-сұхбат жүргізген.