Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері бұл жөнінде Шанхайда өткен конференция аясында келісті, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz сайтының тілшісі.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, аусыл мен өзге де жануар ауруларына қатысты шектеулер алынғаннан кейін, қазақстандық өндірушілер Түркияға жылына 10 мың тоннадан астам сиыр етін экспорттауға дайын.
Келіссөздер барысында бірнеше мәселе талқыланды:
▪️ Баку терминалы базасында астық хабын құру;
▪️ Қатты бидай (дурум, hi-pro) экспортын дамыту;
▪️ Дәнді-бұршақ дақылдарын бірлесіп өсіру жобалары.
ТАРАПТАР КЕЛІСІМІ
Биыл 8 айда екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы шамамен 3%-ға өсіп, 186,7 миллион долларды құрады. Қазір Түркия Қазақстаннан көкөністер, бұршақ дақылдары, мақта, кебек және зығыр тұқымын тұрақты түрде сатып алып отыр.
Тараптар ветеринариялық және фитосанитариялық рәсімдерді келісу жағын жеделдетуге келісті.