ЕрекшеҚоғам

“Сен шошыған кішкене баласың”: Димаш Байділдиновті қатаң сынады

Белгілі әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі энергетика сарапшысы Олжас Байділдинді қатаң сынады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әншінің сөзінше, қазақ халқы әлемдегі барлық тілге құрметпен қарайды. Бірақ құрметтеу деген әр адамның өзінен басталатынын баса айтты.

“Бірақ басқаның қас-қабағына қарап, өз тілінен ұялатындар сөзінен емес, түп тамырынан айырылады. Олжас, сендей «провокаторды» жұмыстан қуып шығады деп үміттенемін. Себебі, сен шошыған кішкене баласың. Қазақ тілінде жазбадың, өйткені сен қазақ тілін білмейсің, – деп Құдайбеген өзінің Instagram желісінде.

Бұған дейін ресейліктерге сұхбат берген Байділдинов “орыс сыныптары Қазақстанда азайып бара жатыр, бірдеңе істеу керек” деп айтқан. Әншінің шамына осы сөз тисе керек.

Жақында Байділдинов “қоғамдық көлікте жол ақысын 500 теңгеге көтеру керек” деп тағы бір шулатқан. Қаңтар оқиғасы кезінде де ол “газ қымбат дейтіндер автобуспен жүре алады” деп қоғам сынына ұшыраған еді.

Back to top button