
Мысырдың Каир қаласында парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында Давид Дегтярёв әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған даңқты спортшы әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 191 келі зілтемірді еркін еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осы керемет нәтижесінің арқасында Давид Дегтярёв жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әлем чемпионатында көк туымызды желбіретті.
“Жерлесімізді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!” – деп құттықтады туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов чемпионды.
Қазақстанда «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңда параспорт түрлеріне басымдық беріліп, «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізілген.