ЕрекшеЖаңалықтар
Парламентке жаңа депутат келді

“Аmanat” партиясының атынан Мәжіліске жаңа депутат қосылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі келді.
Ол бүгін Мәжілісте ант берді.
Әбутәліп Мүтәлі — “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек еткен. “STEM” академиясының негізін қалаушы.