Ерекше

Маған «ештеңе істей алмайсың» деді: ұлынан айырылған ана әділдік іздейді

Астанада құрылыста істеп жүрген 17 жастағы студент қаза тапты. Марқұмның анасы Айгүл Жұбанованың айтуынша, демалыста ақша табу үшін «ҚазПолимерСтрой» компаниясына уақытша жұмыс істеуге шыққан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бір күні кешке анасына полиция хабарласып, ұлының көз жұмғанын хабарлаған.

«Ұлым маған: «Анашым, «ҚазПолимерСтрой» су құбырын тартып жатыр, траншея қазғандарға күніне 12 мың теңге төлейді. Балалар жұмыс істеп жүр, мен де барайын» деді. 24-і күні таңертең жұмысқа кетті. Түсте хабарласып, “телефонымның қуаты таусылғалы тұр, алтыға қарай үйге барамын” деді. Ал кешкі сағат 18:11-де маған учаскелік полиция қоңырау шалып, “сіздің ұлыңыз Ерсұлтан Мүбәракұлы ма?” деп сұрады. “»Иә» дегенімде, ол “Сіздің балаңыз қаза тапқанын айтты», – дейді Айгүл Жұбанова.

Айгүл Жұбанованың сөзінше, ұлының компаниямен ресми еңбек шарты болмаған. Айгүл Жұбанова әділдік іздейді. Сөзінше, компания өкілінің бірі оған «енді ештеңе істей алмайсың» деген.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

«24 қыркүйек күні құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде оның үстіне бетон плита құлаған», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Back to top button