Ерекше

Тоқаев Газада орнаған бейбітшілік үшін Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.

ҚАҚТЫҒЫС ҚАШАН БАСТАЛДЫ
Айта кетейік, Израиль мен Газа секторының тұрғындары соғыстың аяқталғанын өткен бейсенбіде тойлап бастады.

Таяу Шығыстағы бұл соғыс 2023 жылғы 7 қазанда басталған. Сол күні ХАМАС қарулы топтары Израильдің оңтүстігіне басып кірген.

Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарынан 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Шамамен 193 мың ғимарат қирады немесе зақымданды. Олардың арасында жүздеген аурухана мен мектеп бар.

Back to top button